Кеше, 13 қаңтар күні Алматы қаласындағы Спорт және Туризм Академиясының спорт залында журналистер арасындағы БАҚ Лиганың жалауы көтерілді. "Айбын", "Тұлпар", "Намыс", "Бірлік", "Қыран", "Жігер" деген алты командаға бөлінген журналистер, екі айналым арқылы шын мықтыны анықтамақ. Осы турнирдің бас демеушісі, Қазақтың Спорт және Туризм Академиясының ректоры Қайрат Закирьянов ашылу шарасына қатысып, сөз сөйледі. Айтыскер ақын, "Намыс" командасының ойыншысы Асхат Қылышбек жырдан шашу шашты. Совет Сейітұлы, Амангелді Сейітханов, Ақын Ордабайұлы, Срайыл Смайыл, Шоқан Маханов, Есей Жеңісұлы, Жанарбек Әшімжан бастаған алдыңғы буын ағалар кейінгі жастарға жаза білуден бөлек, допты қалай тебу керектігін де үйретуде. Оңтүстік астананың қаламгерлерін жинаған дүбірлі дода енді дәстүрге айналмақ.
"Адырна" ұлттық порталы