Visa және Halyk Bank She's Next аясында өткен бизнес көшбасшылығы марафонының жеңімпаздарын жарияланды

2771
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

23 желтоқсан күні She’s Next жаһандық бастамасының екінші толқыны аясында кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында «Бизнес көшбасшылығы» марафонының жеңімпаздары салтанатты түрде жарияланды.

Марафонды Visa жаһандық төлем технологиясы компаниясы Halyk Bank және Onlinebank by Halyk брендімен бірлесіп жүзеге асырды. Марафонның техникалық серіктесі - Астана Tech Hub халықаралық қаржы орталығы.

Білім беру бағдарламасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан барлығы 6800-ге жуық кәсіпкер тіркелген. Марафон барысында қатысушылар бизнесті тиімді басқару, тайм-менеджмент және жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі бойынша жетекші сарапшылардан білім беру дәрістерін оқыды.

Тренинг соңында қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, кәсіпкерлік қызметі туралы эсселерімен бөлісті. Марафонның финалына 15 кәсіпкер шықты, үш жеңімпаз ашық дауыс беру арқылы анықталды.

Марафонның 30 пайыз дауысын алып, кәсібін дамытуға 5 миллион теңге грант алған Қадыржан Төлеу жеңімпаз атанды. Қадыржан 2 жылдан бері дөңгелекті жеке асханасын және қоғамдық тамақтандыру қызметін жүргізіп, Балқаш балығын танымал ету, сондай-ақ туристік гастрономиялық мәдениетті қалыптастыру үшін азық-түлік тасымалдаушылар желісін дамытуға ұмтылуда.

Екінші орынды Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған E-cycle экологиялық жобасымен Ыбыраева Еркежан иеленді. Еркежан мен оның жобасына 963 адам немесе жалпы сайлаушылардың 11 пайызы дауыс берді.

821 дауыстың нәтижесімен үшінші орынды бизнесі полиграфиямен байланысты «Аққалам» Әлімбетова Алида иеленді. Алида халық қаһармандарының бейнелері бар баспа өнімдерін шығаруды және әлемді көрнекі түрде қабылдау арқылы балалардың қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оятуды армандайды.

“She's Next бастамасы қазірдің өзінде әлем бойынша он мыңдаған қыздарға өз бизнесін ашуға немесе өсіруге көмектесті. Бүгінгі таңда әйелдердің аймақ елдерінің экономикасына тартылып, жаңа білім алуға, кәсіпкерлікті дамытуға деген қызығушылықтары артып отырғаны бізді қуантады. Орталық Азиядағы Халық банкімен бірлесе жүзеге асырылып жатқан бастама 17 мемлекетті қамтиды. Бұл әйелдердің басын біріктіріп, оларға тиімді шарттармен қосымша несие алып, арнайы визит карточкаларын ашуға мүмкіндік берді. Марафон қатысушыларды шабыттандырып, жаңа жетістіктерге ынталандыратынына сенімдімін», - деді Вице-президент, Орталық Азиядағы және Әзірбайжандағы Visa аймақтық менеджері, вице-президент Кристина Дорош.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттаумен қатар, шара қонақтары «Әйелдер кәсіпкерлігі: кәсіпкердің табысында теңгерім қандай рөл атқарады және оған қалай қол жеткізуге болады?» тақырыбындағы ашық әңгімеге қатысты. Табысты кәсіпкерлер өмірдің әртүрлі салаларында тепе-теңдікті сақтау бойынша тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Өйткені 2021 жылы Қазақстанда жүргізілген Visa зерттеуіне сәйкес респонденттердің 42%-ы бизнес пен үй шаруасын үйлестіруде қиындықтарды бастан кешіреді.

Еске салайық, «Бизнес көшбасшылық» марафонына көптеген танымал ұйымдар, соның ішінде Әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қоры («Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы), ҚР ҰКП жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы, «Атамекен», Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер ұйымы, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы, «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетті.

Қатысушылар не алады?

Халық банкінен жеңілдетілген қаржыландыру аясында кәсіпкерлер бір қарыз алушыға 20 000 000 теңгеге дейін 5%-бен алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, өтінімдер тек марафоннан өткен және аяқталғаны туралы сертификаты бар қатысушылардан қабылданады. Марафонның үш жеңімпазы «Халық» бизнесті дамытуға берілетін несие көлемін тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындарға 50 000 000, 40 000 000 және 30 000 000 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар серіктестік аясында білім марафонының барлық қатысушылары Халық банкінде тегін есепшот ашады.

Пікірлер