Оңтүстік Қазақстан университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің аты беріледі

3542
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешіміне өзгерістер енгізеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің аты берілмек, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»—делінген хабарламада.

Өзбекәлі Жәнібеков — мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Ол 20 ғасырдың 70-жылдарында Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Қайраткердің бастамасымен Қазақстанның көптеген қаласында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.

Пікірлер