Статистика, рейтингті қуып жүре бермей, етек-жеңімізді жинайық! - Мәди Ахмет (ВИДЕО)

3643
Adyrna.kz Telegram

Үкімет отырысында "2027 дейін еліміздің 20 қаласына  5G интернет желісі тартылады" деп сүйіншілеген Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет шүйлігіп,  5G түгілі қарапайым интернетке қол жеткізе алмай отырған елді-мекендер көп екенін айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Министрге "етек-жеңімізді жинап алайық" деген Ахметов 5G интернет желісіне көшпестен бұрын әуелі ауыл-аймақтарға қарапайым интернет орнатып алайықшы деді.

"Сіз былтыр ғана келіп, дәл өзіңіз осы баяндаманы оқыдыңыз. Дәл осы слайдтарды көрсеттіңіз. Біз ұсыным  бердік. Бүгін сол бір жыл бұрын берілген ұсынымдардың  қайсы орындалды, қайсы қабылданды, қайсы қабылданған жоқ екенін айтқан жоқсыз. Жыл сайын өткіземіз. Жауыр болған тақырып. Не қосылып жатқан ауылдар, аудандар жоқ. Елді-мекендерге шыққан кезде халық бүкіл өкпе-наз, өтініштерін бізге жеткізеді. Қазір елорда маңы түгілі өзіміздің Астананың ішіндегі ЖК-ларда интернет жоқ. Ешқайсысы қосыла алмай отыр. Оның барлығын күнделікті көріп, естіп отырмыз. Ал біз бұл жерде жоғары технологиялар жайлы сөз етеміз. Ауыл түгілі Астананың ішінде интернеттің өзі дұрыс жұмыс жасамай отыр. Әрине әлемнен қалмауымыз керек. Орталық Азияда бірінші болуымыз керек. Бірақ статистиканы, рейтингті қуып жүре бермей, ауылдағы, аудандағы елді-мекендердің жағдайын жасап алып бірақ жүргеніміз дұрыс шығар", - деді депутат.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер