Депутат «Алаш күнін» мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды

3087
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов 12 желтоқсанды Қазақстанда «Алаш күні» деп ресми белгілеп, мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды. Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Биыл Алаш Республикасының құрылғанына 105 жыл толды. 29 маусымда «Ақ жол» фракциясы бұл датаны мемлекеттік деңгейде атап өтуді талап еткен депутаттық сауал жолдаған. Алайда Үкімет бұл мәселені өкілетті министрліктерге тапсырғаны туралы жүре жауап берді», - деді Берік Дүйсенбинов Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат Депутат бұл күнін мемлекеттік деңгейде атап өтуді ұсынды.

«Бұл мерейлі күнді тек алаштанушылар мен біздің «Ақ жол» партиясы ғана түрлі іс-шара өткізіп, атап өтті. Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Құрметті Әлихан Асханұлы! Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ақ жол» фракциясы алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдап, Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде «Алаш күні» деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды», - деді ол.

Пікірлер