Зеленский АҚШ-та Байденмен кездеседі - БАҚ

2719
Adyrna.kz Telegram
Фото: Doug Mills / Getty Images
Фото: Doug Mills / Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс қимылдары басталғаннан бері алғаш рет Украинадан кетеді. 21 желтоқсанда ол Вашингтонға барып, АҚШ президенті Джо Байденмен кездеседі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

CNN басылымының мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден мен Украина президенті Владимир Зеленский 21 желтоқсанда Вашингтонда кездеседі.

Ақ үй кездесуге қатысты түсініктеме беруден ресми түрде бас тартты.

Капитолийдің қауіпсіздік қызметі Зеленскийдің сапарына дайындалып жатыр, Украина президенті Конгрессте сөз сөйлей алатыны атап өтілді. Зеленский АҚШ-тың заң шығарушыларына Украинаның соғыс әрекеттеріне миллиардтаған доллар көмек көрсеткені үшін алғыс айтады деп күтілуде. Сондай-ақ, ол Украинаға неліктен көбірек қаржыландыру қажет екенін түсіндіруі керек.

Бұған дейін америкалық БАҚ Ақ үй Украинаға Patriot зениттік-зымырандық кешендерін беру туралы осы аптаның соңына дейін жариялауы мүмкін екенін хабарлаған.

“Кездесу АҚШ-тың Киевке жеткізілімін талқылау аясында өтеді. Киев бірнеше айдан бері Patriot әуе қорғаныс жүйелерін сұрап келеді”, деп жазады dw.com.

Вашингтон кешендерді жеткізуге және пайдалануға байланысты үлкен логистикалық проблемаларға қарамастан, ресейлік жаппай атқылаудың аясында сұранысты орындауға шешім қабылдады.

Пікірлер