АҚШ зауытындағы қателік салдарынан Johnson&Johnson 15 миллион вакцина дозасы бұзылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Reuters мәлімдеді.
Мэриленд штатындағы Балтимордағы американдық Johnson&Johnson зауытының қызметкерлері жаңа коронавирустық вакцинаның ингредиенттерін араластыру кезінде қателік жіберіп, нәтижесінде 15 миллион доза бұзылды.
Осы оқиғадан кейін АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектермен күрес басқармасы (FDA) зауыты өзара тексерісті бастады. Алайда, компанияның АҚШ ауруханаларына келіп түскен вакцинаның барлық партиясы қауіпсіз, себебі олар Нидерландыда шығарылған.
Дәрі-дәрмектің келесі жеткізілімдері Балтимор зауытынан жөнелтіледі деп жоспарланған, бірақ FDA тексерістері басталғандықтан қажетті жеткізілімдер кешігеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, ақпан айының соңында АҚШ-тың медициналық реттеушісі FDA, Johnson&Johnson компаниясы өндірген COVID-19 вакцинасын шұғыл қолдану үшін мақұлдаған еді. Компания наурыз айының соңына дейін вакцинаның 20 миллион дозасын, ал маусымның аяғында 100 миллион дозаға дейін вакцина жеткізуді жоспарлаған.
"Адырна" ұлттық порталы