Порошенко патриарх Филаретке "Украина батыры" атағын берді

2020
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Петр Порошенко патриарх Филаретке Украина батыры атағын берді. Бұл туралы "Азаттық" радиосы хабарлайды. Порошенко Филареттің украин православие шіркеуінің тәуелсіздік алу жолындағы күресіне қосқан үлесін ерекше бағалады.

"Ол украин халқының рухани жетекшісі және солай болып қала береді. Сол себепті оған "Украина батыры" атағын бердім" деп жазды президент Facebook-тегі парақшасында.

Патриарх Филарет (Денисенко) Киев патриархатының Украин православие шіркеуін басқарған. Шіркеу 1992 жылы Украин православие шіркеуіне қарасты дін қызметкерлері мен приходтардың бір бөлігі Орыс православие шіркеуінен тәуелсіздігін жариялаған соң құрылған. Әлемдегі өзге православие шіркеулері Украин автокефальді православие шіркеуі мен Киев патриархатының Украин православие шіркеуін мойындамайды.

15 желтоқсанда Киевте собор өтіп, Киев патриархатының Украин православие шіркеуі мен Украин автокефальді православие шіркеуі бірікті. Бұл екі шіркеудің базасында жергілікті православие шіркеуі құрылды. Киев митрополиті болып 39 жастағы епископ Епифаний сайланды. Филарет ол соборда өз кандидатурасын ұсынбады. Бүкіләлемдік патриархат Украинада құрылған жаңа шіркеуді мойындап, 6 қаңтарда оған автокефалия (өзін-өзі басқару құқығы) туралы құжат берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер