Қазақстанда"МИР" карталары бойынша төлем операцияларына рұқсат берілді

2818
Adyrna.kz Telegram
Фото: АР
Фото: АР

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалануына рұқсат берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі - шетелдік активтерді бақылау басқармасынан  (OFAC) хат алды, онда американдық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті өмір сүруін қамтамасыз ететін операциялар жасау үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтінін түсіндірді", - делінген қаржы реттеушісінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Аталған хатта "Мир" төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту мақсатында пайдаланылмауы үшін ерекше бақылауда қалатыны атап өтілген.

"Осылайша қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды", - делінген хабарламада.

Пікірлер