Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды»,—делінген хабарламада.
Бұған дейін ол ол ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еді.