Астанадағы  үйлердің 99 пайызының газ қондырғылары талапқа сай емес

2296
Adyrna.kz Telegram

«Астана» телеарнасының хабарлауына қарағанда Астанадағы көпқабатты үйлердің 99 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес. Бұл туралы тәуелсіз газ қауымдастығының сарапшылары айтты.

Телеарнаның мәліметінше, комиссия орталықтандырылған газбен жабдықталған барлық тұрғын үй кешендеріне тексеріс жүргізеді. Сарапшылардың, тұрғын үй ауласында газдан еш қауіп болмағанмен, баспанадағы жағдайды ешкім бақылап жатқан жоқ. Осыған байланысты олар тез арада тексеріс жүргізіп, құбырларды ауыстыру қажеттігін ескертті. Оны тұрғындар өз қалтасынан төлеуі тиіс.

“Бұл мәселе бұрыннан бері келе жатқан ескі тұрғын үйлерге қатысты. Барлық бақылауды заң аясында жүзеге асыру үшін алдымен қайта құру жобасын жасау қажет. Нақты сметалық құны шыққан кезде, ары қарай тұрғындар өздері шешеді. Былтыр қалалық iKomek қызметіне газ тарауына қатысты 200-ге жуық шағым келіп түскен. Тұрмыстық газ 1000-нан аса тұрғын үйге жеткізілді. Бұл 80 мың пәтер. Олардың қауіпсіздік талаптарын тексеру үшін әкімдік арнайы тапсырма беріпті”, – дейді Тәуелсіз газ қауымдастығының өкілі Федор Мордвинкин.

“Білікті мамандардың жоқтығына байланысты,тексерістер бойынша, газ желісінің құрылысы бойынша, газ желісінің құрылысына байланысты екі құрылыс монтажды ұйымы өздерінің жұмыс істеу лицензиясынан жарты жылға тоқтатылды. Елорданың барлық жекеменшік секторы газ бөшкесін пайдаланады. Қалаға бірнеше компания қызмет көрсетеді. 4 газ толтыру станциясы және 5 пункт ресми түрде жұмыс істейді. Өткен жылы олардың жұмысында 180 заңбұзушылық анықталған”, – дейді өз кезегінде Астана қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Мақсат Абылов.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Магнитогорск қаласында  желтоқсанның 31-і күні тұрмыстық газ жарылып, 39 адам қаза тапқан болатын. Магнитогорскідегі қайғылы оқиғадан кейін елорданың  әкімі Бақыт Сұлтанов қаладағы газ қондырғыдары мен құбырларын толық тексеруді тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер