Қарағанды екі күн болды дүрлігіп тұр. Қаладағы құқық қорғау органдарында да маза жоқ. Кеншілер шаһарындағы «Древний Рим» мейрамханасында Жаңа жылды қарсы алмаққа жиналған 6 қазақ жігітіне 30 шақты армян ұлтының өкілдері жабылып кетіпті. Бұл мейрамхананың иесі армян. 6 жігіттің үшеуін пышақтап, төртінші жігіт сол жерде қайтыс болады. Қайтыс болған 23 жастағы жігіт Жансейіт Рахымжан Бахытжанұлы . Кісі өлтіргендер сол жерде ізін суытып, қазір оларды іздестіру үстінде. Бұны естіген жергілікті қазақтар көтеріліп, қала үрей құшағында. Полиция қызметкерлері мен жергілікті басқару органдарының күшімен ашулы жұртты әрең ұстап тұрса керек. Себебі, төбелеске қатысқан, адам өлтіргендер жазадан сытылып кете ме деген көпшілік, кінәлілердің қатаң жазалануын талап етуде. Қарағандыдағы ең ірі автобаза мен автопарк, көптеген ресторандар армяндардікі. Солар ақшаның күшімен судан таза, сүттен ақ болып шықса да таң қалмаймыз деген қарағандылықтар, әзір басылар емес. Бұл төбелес ішіп алған екі топтың төбелесі емес. Өйткені, кезінде жер ауып келіп, қазақ халқынан пана тауып, нанын жеп, суын ішіп жаны аман қалғандар қазір жергілікті ұлтқа көз алартуға көшкен. Көз алартқанды қойып енді жұдырық жұмсай бастады. Кеше ғана босағаңнан енген келімсектер шаңыраққа қарауды қойды. Қазақ Елінде 130 ҰЛТ ЕМЕС; ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ тұратынын соларға дұрыс түсіндірмеген билік кінәлі. Сондықтан, жауырды жаба тоқымай тез арада бұл мәселені шешпесе, жағдай ушыға бермек.
Оңғар Қабден
«Адырна» ұлттық порталы