Мал дәрігерінің еңбекақысы 50%-ға өседі - вице-премьер

2550
Adyrna.kz Telegram

Мал дәрігерінің еңбекақысы 2023 жылы 50%-ға өседі. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық пораталы.

Роман Склярдың айтуынша, 2023 жылғы 1 наурызға дейін Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту концепциясы енгізіледі. Ол 10 бағыттан тұрады. Әр бағыт бойынша нақты критерийлер бар. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын Ұлттық экономика министрлігі үйлестіреді.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары биыл мал дәрігерлерінің айлығы 50%-ға өскенін, келесі жылы тағы да 35-50%-ға көтерілетінін атап өтті.

“Сондай-ақ олардың денсаулығын сауықтыруға екі айлық көлемінде жәрдемақы төленеді. Ветеринария саласын цифрлық форматқа көшіріп жатырмыз”, - деді Роман Скляр Сенаттың жалпы отырысында.

 

Пікірлер