Ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әр сағат үшін 3 проценті қайтарылмақ.
«Заңға қосымша өзгеріс енгізіліп отыр. Әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3 процентін қайтаруы керек», - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.Жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады.
Новости по теме
Без знания государственного языка теперь невозможно будет получить гражданство Республики Казахстан.