8-сынып оқушысы үйдің шатырынан өлі табылды

4555
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысының Жылыой ауданында сегізінші сынып оқушысы асылып қалды. Оның денесін ата-анасы өз үйінің шатырынан тапқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

14 жастағы жасөспірім өзіне қол салған кезде үйде ешкім болмаған. Оқиға демалыс күні орын алған. Одан бір күн бұрын жасөспірім денсаулығына байланысты сабаққа бармапты. Оны ата-анасы сынып жетекшісіне ескерткен. Ал апта басында осы мектепте деструктивті діни ағымдар, суицид, зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізіліпті. Мектептегі шараларға белсене араласатын оқушының мұндай қадамға неге барғанын ұстаздар да түсіне алмай отыр.

«Оқушы өте ашық мінезді, басқалармен де, сыныптастарымен де, мұғаліммен де, сынып жетекшісмен де жақсы қарым-қатынаста болды. Ешқандай да оғаш мінез-құлқын көрсеткен емес. Дәлізде де өзін тәртіпті ұстайтын болды. Сабақтан себепсіз қалмайтын», - дейді №18 М. Сатыбалдиев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рысгүл Қадырова.

Жасөспірімнің суицидке не үшін барғанын полиция анықтап жатыр.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 16 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған, оның үшеуі қайтыс болды.

«Жылыой ауданында болған суицид дерегіне байланысты қазіргі таңда ҚК 105-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Және де қайтыс болған 2008 жылғы жасөспірімнің бұрын мінез-құлқында ешқандай тәртіпсіздік деректері тіркелмегендігі анықталған», - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер