"Тоқаевтың айқын жеңісі билік іс-қимылдарының дұрыс екендігін көрсетті" - саясаткер Ерлан Қарин

3265
Adyrna.kz Telegram

Саясаттанушы ғалым, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстан Республикасында өткен кезектен тыс сайлаудың сипаты мен нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Президент сайлауы қоғамды бір ортаға шоғырландыруда және елдің дамуында аса ерекше маңызға ие. Маусымда өткен референдумда қазақстандықтардың 77%-дан астамы конституциялық реформаны мақұлдады. Бұл азаматтардың қазіргі биліктің атқарып отырған іс-әрекеттеріне қолдау танытқанының көрінісі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 80%-дан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқын жеңісі қазіргі биліктің іске асырып жатқан, сондай-ақ, болашаққа жоспарланып отырған іс-қимылдарының дұрыс екендігін көрсетті. Бұған ел азаматтарының Президент саясатын мақұлдауы мен қолдауының жоғарғы көрсеткіші дәлел.

Егер референдум қоғамдық келісімді, ымыраластықты жаңа деңгейге көтерсе, президент сайлауы азаматтарды біріктіруге жаңа мазмұн мен сипат береді.

Мемлекетімізде кезектен тыс сайлаудың өтуі қазіргі қоғам мен билік арасында ортақ ұғынысу мен ел дамуының жарқын келешегі бар екендігін анық айқындады.

Жалпы, үлкен сайлау циклінің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деп айтуға болады. Келесі кезең - парламенттік және мәслихаттық сайлау.

Нәтижесінде, біздің еліміз қоғам мен биліктің ымырасын нығайтып, мемлекеттік институттардың тұрақты жүйесін қалыптастырып, қазіргі бұлағай шақта әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың мекеніне айналары сөзсіз, - деп жазды саясаткер.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер