Алмалы ауданында 5 жекеменшік балабақша ашылды

2347
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту ісі күн тәртібіндегі өзектілігін жоғалтқан емес. Бұл түйіткіл тіпті Мемлекет басшысыныңда басты назарында, деп жазды «Адырна» тілшісі.  

Оған дәлел,  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа Жолдауында айтқан сөзі.

 «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болу керек. Алайда бізде 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың дартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік статусын көтеріп, жалақысын көбейту керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі күні алып қала Алматыда бұл мәселе кезең-кезеңімен шешімін табуда.  Бұл туралы қала әкімі  Ерболат Досаев  Алмалы ауданының тұрғындармен кездесу барысында айтып берді.

Қала басшысының сөзіне сенсек, алдағы таңда Алмалы ауданында 5 жекеменшік балабақша ашылды.

«Балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша қамту үшін биыл Алмалы ауданы бойынша 225 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. № 7 балабақшаны сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. Жобалық қуатты 75 орынға ұлғайта отырып, №43 балабақша ғимаратының бұрын жеке меншікте болған бөлігі сатып алынды», – деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша 2023 жылдың II-тоқсанында күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді бастау жоспарланған.

«Осы жылдың соңына дейін Мәуленов-Әйтеке би көшелерінің қиылысында бұрын жалға берілген балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. 2023 жылдың 3-тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі», – деді Алматы қаласының  әкімі.

Пікірлер