Алматы полициясы Мухоряповқа қатысты жағдайды тексеріп жатыр

9211
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесін тексеріп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір менің білуімше, Алматы қалалық ІІБ тексеру жүргізіп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданады»,—деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін мәжілістің бір топ депутаты бас прокурор Берік Асыловқа мәлімдеме жолдап, Мухоряповтың сөзін тексеруді талап еткен болатын.

Пікірлер