Мемлекеттік ту көкке көтерілді

2431
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Батыс Қазақстан облысында 25 қазан - Республика күніне орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жиынға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін
айрықша маңызға ие екеніне тоқталды.

- Баршаңызды бүгінгі тәуелсіз еліміз үшін айшықты мереке Республика күнімен құттықтаймын! Біздің мемлекетіміз жас мемлекет болғанымен болашағымыз айқын,
мақсатымыз анық. Алдағы жетер жетістігіміздің жолында бәріміз бірге жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке тілеймін, - деген өңір басшысы ел дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхатымен марапаттады.

Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы
жанындағы «Достық» клубының жетекшісі
Талғат Чудобаев, Орал қаласы ақпараттық-
талдау және жастармен жұмыс жөніндегі
ресурстық орталығының басшысы Дулат
Жүсіпқалиев, «Cinema Park» кинотеатрының
директоры Дилара Мұхамбетовалар бар. Сондай-ақ Орал қаласы № 34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі Айымгүл Кенжебаева, «Uniserv» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің жүргізушісі Байгали Андиров, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының № 8 участок слесарі, жылу және есеп инспекциясының инженері Алтай Кенжебаев, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы торап» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр жабдықтарын жөндеу электрослесарі Сәбит Шаяхметов БҚО әкімінің Алғыс хатымен  марапатталды. Бұл күні кәмелетке толған бір топ жасқа жеке куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.

Пікірлер