Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Панда» лақап атымен танылған қазақстандық боксшы АҚШ-тың Орландо қаласында жекпе-жек өткізді. Ол шаршы алаңдағы қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді.
Ол соңғы жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізген болатын. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Оқушыларға үлгі болуымыз керек". Дене шынықтыру пәнінен орта мектеп ұстазы бірқатар жетістіктері мен мәселелерді атады
