“Сынақтар бізді сындырмайды”. Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шықты

1772
Adyrna.kz Telegram
фото: qazaqstyle твиттерінен
фото: qazaqstyle твиттерінен

Айтулы жекпе-жегінің алдында ауруханаға түсіп қалған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қазіргі жағдайы баяндалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық», - деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.

Ол әр қиындықпен бірге жеңілдік болатынын айтып, уайымдап жатқандарға алғысын білдірді.

«Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!» - деп атап өтті боксшы.

Сондай-ақ, Әлімханұлы өзінің командасымен бірге әлемге «қазақ стильін» танытатынын жазды.

Естеріңізге сала кетейік, IBF/WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 14 шілде күні таңертең жаңа зеландиялық Андрей Михайловичке (21-0-0, 13) қарсы IBF нұсқасы бойынша (13-13) чемпиондық атағын қорғауы тиіс болатын. КО). Алайда қазақстандық боксшының денсаулығына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.

Әлімханұлының командасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, оның ауруханада жатқан суретін жариялады.

Пікірлер