ҚазҰУ-дан заңсыз алынған жер қайтарылды

2327
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ҚазҰУ-дан заңсыз алынған жер қайтарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот шаһар әкімінің Қазақ ұлттық университетінің жерлерін иеліктен шығару туралы қаулыларының күшін жойды.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағының жеке меншікке өтіп кеткен аймағына қатысты тексеру жүргізді. Тексеріс барысында Алматы қаласы әкімдігі қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзып, Ұлттық университет территориясының бір бөлігін заңсыз меншіктеуге жол бергеннін анықтады»,—деп түсіндірді ведомство.

Пікірлер