Қазақстанның ең үлкен туы Алматы аспанында желбіреп, рекорд орнатты

3376
Adyrna.kz Telegram

Парашютист Олег Тощев Республика күніне орай Іле Алатауының аспанында Қазақстанның ең үлкен туын жайып, Қазақстанның Гиннес рекордтары кітабына енді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ту елордадағы тудан екі есе үлкен. Тудың өлшемі – 800 шаршы метр, ені 40 метр болса, ұзындығы – 20 метр. Тәжірибелі парашютист 2500 метр биікте Қазақстан байрағын жайды.

Күтпеген жағдайлар болмау үшін ең алдымен қауіпсіздікті ойлаймын. Парашютті міндетті түрде тексердік. Айтарлықтай қиындық жоқ. Бұған дейін 190 келі жүкпен жерге түскенмін. Ал мұнда жүктің жалпы салмағы 80-90 келіге жуықтайды. Ұшу сипаттамасын, туды шығару бағытын, биіктіктегі жел қарқынын, жылдамдығын анықтап алдық. Өзім 12 жылда 5800 рет парашютпен секіргенмін, – деді парашютист Олег Тощев.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл акцияның мақсаты – барлық қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ ұлт болып бөлінбей, бір-біріне деген толерантты қарым-қатынас пен бейбіт аспан концепциясын қолдау.

Пікірлер