"Намыстарыңызға тисе кешірім сұраймын": Мухоряпов қазақстандықтарға мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

7627
Adyrna.kz Telegram

"Қазақша сөйлеу - ұлтшылдықтың көрінісі, мәдениеттің белгісі емес" деп қазақтардың намысына тиіп, ашуландырған Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряпов қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

“Сәлем достар, сіздер кешегі видеоның тек бір бөлігін көрдіңіздер. Ең алдымен барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. Ешкімді ренжітейін деген ниетім болған жоқ. Дұрыс айтасыздар, қазіргі сіздерді өте мұқият тыңдауым керек. Мен ең алдымен кешегі видео намысына тиген жандардан кешірім сұрағым келеді. Ол видеоны қайта қарап шықтым. Шынымен, асығыс қатты айтыппын. Мен - Қазақстан азаматымын. Өзім Алматыда туып-өстім. Біз бұл жерде компания құрып жатырмыз, қызметкерлеріміздің 99 пайызы қазақстандықтар. Біз мұнда салық төлеп отырмыз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Компанияның ішінде барлық өнімдерді қазақ тілінде қолдау тетіктері іске қосылды. Қазір қосымшаның жартысы қазақ тіліне аударылып, жартысы аударылу үстінде. Жақын арада бұл жұмыстарды аяқтаймыз.  Өзіме келетін болсам, мен қазақ тілін аздап түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Бірақ алдағы уақытта үйренуге тырысамын. Достар, тағы да кешірім сұраймын”, – дейді ол. 

Пікірлер