"Қазақтар мүлдем болмаған, олар қытайлықтар" - қарағандылық әйелдің жауабы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

9216
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қарағандылық әйелдің "қазақтар мүлдем болмаған, олар қытайлықтар" деген видеосы кең тарап, көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Белгілі болғандай, Қарағандыдағы жылдам тамақтану желісі көшеде өтіп бара жатқандар арасында сауалнама жүргізген.

Видео авторы: «Сұраққа жауап беріп, дөнер алыңыз. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? – деп сұрады көшеде өтіп бара жатқан әйелден.

"Қандай қазақ? Қазақтар мүлдем болған жоқ. Қазақтар - қытайлықтар", - деп жауап берді ол.

Әйелдің бұл жауабы қазақстандықтардың намысына тиіп, ашуландырды.

"Тауып алып, елден қуу керек", "Осындайдан кейін бұларды қалай жақсы көруге болады?", "Шектен шықты", "Ұлтаралық араздық тудырғаны үшін тиісті шара қолданылып, жауапкершілікке тартылсын", - деп жазды желі қолданушылары. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер