Тоғызқұмалақ – дәстүр мен зият қайта тоғысты

5230
Adyrna.kz Telegram

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ұлттық «Тоғызқұмалақ» спорттық жарыс өтті.  94 спортшы бақтарын сынады. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып оқушылары командалық есеппен жеңімпаз атанды.

Зияткерлік мектебінің намысын 4-12 сынып оқушылары қорғады. Ең жас қатысушы 4-сынып оқушысы Айнель Қайрат.

Өткен жылы желілік турнирдің қорытындысы бойынша Айнель 2 орынды жеңіп алды, биыл да 2 орынды иеленді.

6-сынып оқушысы Абылайхан Тыныштықбай үшін тоғызқұмалақ – салмақты спорт түрі. Өйткені, ол зияткерлік ойынмен мектепте ғана емес, үйірмеге де қатысады. Абылайхан 2019 жылы желілік турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осы жолыда Абылайхан 1 орын алып, жеңімпаз атанып отыр.

Мектептегі тоғызқұмалақтан бапкерімнің арқасында спортта ғана емес, математикадан да жақсы жетістіктерге жетіп жүрмін. Үш жыл бойы тіпті қалалық, облыстық байқауларға да қатыса алдым. Жеңіске жеткен сайын өзімді сенімдірек, күшті сезінемін, - дейді 6-сынып оқушысы Абылайхана Тыныштықбай өз сұхбатында.

7-сынып оқушысы Іңкәр Мұратбекқызы алғаш рет бағын сынап отыр.

Іңкәр қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақпен» 7 жасынан бастап айналыса бастаған. Жетістіктер қазынасында облыстық, қалалық байқауларда жүлделі орындар бар.

Тоғызқұмалақ – жай ғана хобби емес, ол – математика, тез санау, шешім қабылдау дағдысы. Осының бәрі сабақта ғана емес, күнделікті өмірде де көмегін тигізеді, – дейді 7-сынып оқушысы Іңкәр Мұратбекқызы.

Ойын швейцариялық жүйе бойынша жеті турдан тұрды, қатысушылар жекелей де, командалық жарыста да бақ сынасты.

Бүгін үш күнге созылған тоғызқұмалақ спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Төрешілер комиссиясында қазылар алқасының бірі Талдықорған спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы Бауыржан Шурин отырды.

Ұлттық ойындар – біздің қасиетті байлығымыз. Қазақтың ұлттық спортының қай түрі болмасын жастарды төзімділік пен шеберлікке, батылдыққа, ең бастысы ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағытталғанын аңғару қиын емес. Дегенмен, бүгінде біз ұлттық ойындардың онсыз да танымал технологиялық компьютерлік ойындарды ығыстыра бастағанын байқауға мәжбүрміз. Жыл сайын жүздеген жас зиялы қауым қатысатын НЗМ-де тоғызқұмалақ спартакиадасы дәстүрлі іс-шараға айналғаны мені қатты қуантады», - дейді қазылар алқасының мүшесі Бауыржан Шурин.

Пікірлер