Еуропа елдері Ресейге талап қойды

3595
Adyrna.kz Telegram
Фото: agapas.ru
Фото: agapas.ru

Еуропаның 11 елінің президенттері Ресейден Украинадағы азаматтық нысандарға шабуыл жасауды дереу тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Польша президентінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Болгария, Чехия, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Польша, Румыния және Словакия, сондай-ақ Солтүстік Македония мен Черногория кіретін "Бухарест тоғыздығы" елдері Ресейдің Украинаға жасаған жаппай зымырандық шабуылдарын айыптады. Бірлескен мәлімдемеде олар Мәскеуден азаматтық нысандарға шабуыл жасауды дереу тоқтатуды талап етті.

"Біз өз мемлекеттеріміздің атынан Ресейден азаматтық нысандарға шабуыл жасауын дереу тоқтатуды талап етеміз. Біз жасалып жатқан қылмыстарға кінәлілерді жауапқа тарту әрекетін тоқтатпаймыз", - делінген құжатта.

Одан бөлек, халықаралық құқық мұндай шабуылдарды әскери қылмыс деп санайтынын түсіндірді.

"Соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстардың ескіру мерзімі жоқ және ол бүкіл әлем бойынша соттардың юрисдикциясына жататынын еске саламыз", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары Ресей өкілдерінің ядролық қаруды қолдану қаупін қабылдауға болмайтынын атап өтті.

"Осы тұрғыда біз өз елдеріміз бен одақтастарымызды қорғауға деген адалдығымызды растаймыз", - делінген құжатта.

 

Пікірлер