Ұлтаралық татулық - барлық жетістіктердің кілті

1629
Adyrna.kz Telegram

Жастардың ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете біліп, заңға бағынуы өте маңызды. Осыған орай Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық мәселесіне қатысты түрлі іс-шаралар өткізуді жиі ұйымдастырып жүр.

Кеше аталмыш тақырып аясында жастар арасында кездесу өтті. Сонымен бірге Президенттің халыққа Жолдауы да кеңінен насихатталды. Негізгі мақсаты- жастар бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік, басқаларды құрметтеу сияқты адами қасиеттерді бойларына сіңіру.

Жастармен кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің эксперті Жұмабаева Балнұр және МКҚК М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжнің студенттері қатысты.

Жиында «Жастар арасында ұлтаралық татулық»,«Жат ағымдардың сыртқы көрінісіндегі және мінезіндегі өзгешіліктері, олардың алдын алу жолдары» атты тақырыпта сөз қозғалып, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Халықтың бірлігі - Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті екендігі айтылды. Өйткені, ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың айырмашылығына, тіліне, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауынан басталады.

-Бейбітшілік пен тұрақтылық - жалпы халықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар мұны жақсы түсінеді. Сондықтан бүгінгі таңда татулықты сақтап, ұйып отырған бірегей мемлекетіміздің тыныштығы мен берекесін арттыру жолында қызмет етуіміз керек -деді ұйымдастырушылар

Жиналғандар жастар мәселесіне қатысты нақты ұсыныстарын айтып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

 

Пікірлер