Оралда түнгі клуб жанында төбелескен ресейліктер ұсталды

3601
Adyrna.kz Telegram

Оралда түнгі клубтың жанында жаппай төбелес болған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

30 қыркүйек күні сағат 00.00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларын мониторингтеп отырғанда Оралдың түнгі клубтың жанында ер адамдардың төбелесін байқады. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылы туған РФ азаматтарына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Азаматтық сот жоғарыда аталған РФ азаматтарының ҚР аумағында одан әрі жүріп-тұру мәселесін қарайды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер