25 жыл бұрын шетінеді деген. АҚШ-та өскен қазақ қызы ата-анасымен қауышты

2760
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b3AvtwH3Vnkgg3jVPTjVhYKuykrGdvVYax8MJXWv.webp

Америкалық қыз 25 жылдан кейін өзінің биологиялық ата-анасымен қауышты. Орал әуежайында түсірілген бейнежазба көпшіліктің көңілін босатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мой город» басылымының мәліметінше, 2000 жылы Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханада нәрестесінің қайтыс болғаны айтылған. Алайда арада ширек ғасыр өткен соң қыздың тірі екені анықталды. Ол осы уақыт бойы АҚШ-та өзін асырап алған отбасыда өсіп-жеткен.

Жақында қыз асырап алған әкесімен бірге Қазақстанға оралып, туған жерінде ата-анасымен жүздескен.

Қазір нәрестенің жоғалуына байланысты үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға сәбиді заңсыз шетелге әкеткен деген айып тағылып отыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары қыздың ата-анасымен қайта табысуын ерекше толғаныспен қабылдап, оларға ізгі тілектерін арнап жатыр.

Пікірлер