Сайлауға бармай, дауысыңызды бермей “мемлекет дамымай жатыр” деп қалай айтасыз? - Саясаткер

4968
Adyrna.kz Telegram
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Депутаттарды енді халық таңдайды. Сондықтан сол депутаттарға жауапты - халық. Бұл туралы саясаттанушы Индира Рыстина журналист Нұрсұлтан Құрманның ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Индира Рыстинаның айтуынша, сайлаудағы әділетсіз шешім сайлауға бармағандардың жалқаулықтарынан болады.

“Егер сіздер сайлауға бармасаңыздар сіздің бюллетеніңіз бос болып тұрады. Оны біреу пайдаланып кетсе ше? Сіз ол бюллетенді өзіңіз қолдансаңыз, ондай қастандыққа жол бермейсіз. Бұл - бірінші кезекте. Егер ешкім ұнамаса, бәріне қарсымын деп те дауыс бере аласыз. Ол да негізгі кандидаттардан дауыстарын алып қоя алады.

Екіншіден, сіздер бармаған кезде, сіз дауысыңызды жоқ қылып жібересіз. Сіздің дауысыңыз ешнәрсеге әсер етпейді. Дауысыңызды бермей, ешқандай қатыспай, “мемлекет дамымай жатыр”, деп қалай айтасыз?”,-деді ол.

Сондай-ақ, саясаттанушы “сайлауда кімдер кандидат болу мүмкін?” деген сұраққа жауап берді

“Барлығына белгілі Қасым-Жомарт Тоқаев “сайлау алды бағдарламамды шығарамын, сайлауға қатысамын” деп айтты. Әрі қарай, “қандай азаматтар сайлауға қатыса алады?” деген сұраққа жауап берейік. Белгілісі 40 жастан асқан азамат болу қажет. Қазақстанда туған, 15 жыл Қазақстанда тұрған азаматтар болу керек. Сондай-ақ, Қазақстанның елшілігі немесе халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген азаматтар да қатыса алады. Өйткені, олар мемлекеттің атынан жұмыс істеді. Бастысы қазақ тілін жетік білу қажет…

Сайлауға бірнеше партия бірігіп, бір адамды да ұсынуға болады. Кандидаттың жынысы мен мүлкіне қарай шектеулер жоқ. Отбасылық жағдайларға байланысты да шектеулер жоқ”,- деді саясаттанушы.

 

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер