Сайлаудың саяси жүйені бір сілкіп, нақты қадамдарға жол сілтейтініне үміттіміз - Әділ Сайлаубек

3053
Adyrna.kz Telegram

Сайлау – демократиялық өзгерістерге себепкер болады. Саясаттанушы, қоғам белсендісі, тарих  ғылымдарының кандидаты Сайлаубек Әділ осындай пікірде. Бұл туралы ол “Адырна” ұлттық порталының тілшісіне айтып берді.

“Президент сайлауы жаңашылдықтың бастауы. Қазіргі әлемде болып жатырған өзгерістерді шешуге  тұрақтылық, нақтылық және президенттің осы әлем елдер қатарында өзіндік жұмысы мен  міндетін жеті жыл бойы атқарып, реформаларды іске асыру мүмкіндігі қажет. Осы мүмкіндікті жібермеу керек. Сонымен қатар, халықпен тығыз қатынас орнату басты міндетке кіру қажет. Әділдікке және шыншылдыққа, жанашылдыққа деген үміт әрбірімізде бар. Ең бастысы осы бірлік пен тұрақтылық бар жерде қоғам да өзгерері  анық.

Қазір қоғам өзгеріп жатыр, әлеумет өзгеріп жатыр,халықтың ой-санасы өзгеріп жатыр. Жаңа замануи бағытта өзгеріп жатқаннан кейін, сайлау  қазіргі таңдағы қажетті дүниелердің бірі ма деп ойлаймын. Енді ол қалай оң нәтиже беретіні, не  қандай да бір нәтиже бермейтінін уақыт көрсетер. Дегенмен, қазіргі кезеңдегі саяси жүйені бір сілкіп, нақты қадамдарға жол сілтейтініне үміттіміз”,- деді тарихшы.

Саясаттанушының айтуынша, сайлау – саяси жүйені кезең-кезеңімен қайта жаңартудың бастауы

“Сайлауды демократиялық өзгерістерге себепкер бола алатынын айтқым келеді. Егер әділ сайлау болса және бұл бағытты ұстануға әрбір саналы азамат өзінің таңдауын жасаса, артықбайбалам салуға уақыт жоқ. Біздің ары қарай дамуымызға, кезең-кезеңмен жүруге, басталған реформалардың аяқталуына тек қана президент емес, бүкіл халық болып жұмыс жасағанымыз дұрыс. Міне, сонын өзі демократиялықтың негізгі көздерінің бірі. Бір тұтастықпен, бірлікте жұмыс жасау, бұл қандай да бір саяси науқан болсын тек оң нәтиже береді”,- деп сөзін қорытындылады.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер