Жаңару мен жаңғыру Президент сайлауынан басталады - Елдос Жұмағұлов

2893
Adyrna.kz Telegram

Президент сайлауы біршама  жаңашылдық әкеледі. Оны батыл іске асыруымыз керек. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұмағұлов Елдос Тәңірбергенұлы “Адырна” ұлттық порталына айтып берді.

“Жарияланған президент сайлауы “Жаңа Қазақстан” жағдайында алғаш рет өтейін деп отыр. Жаңа талаптармен 7 жылға президентті сайлаймыз. Сондықтан басты жаңашылдықтың бірі - осы.

Әрине, бір сайлаумен демократияны орнату қиын. Демократия азаматтық қоғамның қалыптасуы, заңдардың өзгерістер арқылы келетіні белгілі. Енді үлкен қадамдар жасалып жатқандықтан, осы өзгерістер жолындағы демократиялық өзгерістер ол бізге басқа елге еліктеу үшін емес, біреуге ұнау үшін емес,  сол заманның талабы, халықтың билігі үшін қажет. Дегенмен, қоғамда мынадай сұраныс бар. Ол - сайлаудың әділ өтуі, ашық өтуі. Осы сұраныстарға сәйкес келсе, біз онда демократиялық өтті деп айта аламыз”,- деді ол.

Тарихшы жаңа реформаларды батыл іске асыруымыз керек екенін де баса айтып өтті

“Президент сайлауын Тоқаев неге қойып отыр? Біріншіден, елімізде біраз өзгерістер болды. Жаңа реформалардың басы айтылды. Президенттің құзыреттері шектеліп жатыр. Осы жағдайда мынандай сұрақ туады: “осы реформаларды халық қолдап жатыр ма?”. Сол сайлауда халық осы реформаларды ары қарай көргіміз келеді, осы “Жаңа Қазақстанда” өмір сүргіміз келеді” десе онда белгілі болады. Ары қарай батыл түрде осы ойға алған реформаларды іске асыруымыз керек. Президент жаңа мандатына ие болған соң, одан әрі парламенттің жаңа ережелері мен қалыптасатын мажоритарлық пропорционал жүйе, мәслихаттарқалыптасады. Осы арқылы бүкіл жүйенің бастауы дейтініміз сол. Әрине жаңа айтқан реформаларды батыл іске асыру керек. Сонда ғана Жаңару мен жаңғыру Президент сайлауынан басталатынын көреміз.

Алдағы болатын біздің елдің даму жолындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларды арттыруға бұл сайлаудың ықпалы зор”,- деді Елдос Тәңірбергенұлы.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер