Депутаттар елорданың елтаңбасы мен туын өзгертуге ұсыныс жасады

3226
Adyrna.kz Telegram

Депутаттар елорданың елтаңбасы мен туын өзгертуге ұсыныс жасады. Түзету жобасы Open NLA порталында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жоба бойынша қоғамдық талқылаулар 4 қазанға дейін жалғасады. Жобада авторлар Астананың туы мен елтаңбасын өзгертуді ұсынып отыр.

«Астана қаласының Елтаңбасы – көгілдір фонда алтын түстес «Бәйтерек» және «Шаңырақ» екі символы бейнеленген шеңбер. «Бәйтерек» таңбасының негізінде «Құсқанаты» ою-өрнегі, оның төменгі бөлігінде стильдендірілген «Н» әрпі, «Құсқанаты» ою-өрнегі және «Н» әрпі алтын түсті. «Шаңырақ» таңбасының және Құсқанаты оюының сыртқы жиектері жасыл түсті жиектелген. Сыртқы сақинаның жиегінде қызыл түсті фонда сол және оң жағында алтын түстес «Бөрікөз» оюы бар. Елтаңбаның төменгі бөлігінде алтын түсте қызыл түспен «АСТАНА» деген жазу бар. «АСТАНА» сөзінің сол және оң жағында үш симметриялы сызық – алтын түстері бар» делінген жобада.

Астана қаласының туы сипаттау бойынша былайша көрінеді: «Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынасында Астана қаласының Елтаңбасы бейнеленген тік бұрышты көк түсті панель болып табылады. Ортасында алтын түсті күн сәулелері барлық жаққа тарайды».

Елорда мәслихаты 2019 жылы мамырда бекітілген Нұр-Сұлтанның рәміздерін сипаттамаға сәйкес келетін жаңа рәміздерге ауыстыруды ұсынады.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер