Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні жарияланды

2636
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров 19 қыркүйекті Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 2022 жылдың 19 қыркүйегін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды”, – деді Орынбеков.

Сондай-ақ, ол 14-17 қыркүйекте Баткен облысындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде орын алған қарулы қақтығыс Қырғыз Республикасы азаматтарының өліміне әкелгенін түсіндірді.

«Қайтыс болғандарға қайғырып, олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып: 2022 жылғы 19 қыркүйекті Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жарияланды; бүкіл ел бойынша ұлттық аза тұту күнінде, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары жартылай ілінген деңгейге дейін түсірілсін; мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күні ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды», - делінген Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан 36 қырғызстандық қаза тапты.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер