Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кезектен тыс сайлау күнін белгіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.
Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауын 30 қарашаға белгіледі. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы ресми сайтта жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау және референдумдарды өткізу комиссиясына заңнамаға сай, қашықтан дауыс беру жүйесін қолдана отырып, сайлауды ұйымдастыру тапсырылды. Үкімет сайлауға қажетті қаржы бөліп, дайындық кезеңінде заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етпек.
30 қыркүйек кешінде Садыр Жапаров халыққа үндеу жасайды. Ол жергілікті телеарналардан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан көрсетіледі. Эфир сағат 21:00-де басталады.