Қазақ даласында тұңғыш мектепті салдырған Ыбырай емес, Жәңгір хан - Риза Әлмұқан

3863
Adyrna.kz Telegram

Журналист, зерттеуші ғалым Риза Әлмұқан өзінің фейсбук парақшасында қазақ даласындағы тұңғыш ұлттық мектепті салған Ыбырай Алтынсарин деген пікірге тоқтау қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Журналист қолда бар деректерге сүйене отырып: 

"Тарихи әдiлдiк қайда?
Қазақ даласындағы тұңғыш мектептi, бip емес, бipнешеуiн Жәңгip хан салдырды ғой!
Қай мәселеде де дұрысын айта алмайтындай не мәжбүрлiк туды басымызға?!
Жәңгір хан салдырған мектептер туралы жазамын деп едім, уақытым болмай жүр. Бірақ енді жазбасам..." - деп пікір білдірді. 

Ғалымның тарихи хроника сүйеніп ұсынған деректерін қолдағандар да бар.

 - Риза апай, дұрыс айтасыз. Алғашқы мектепті 1841 жылдың 6 желтоқсанында Жәңгір хан ашқан. Мектепке арифметика, география, орыс тілі пәндерінен К.Ольдекопты, діни оқытуға С.Әминевті тағайындаған. Мектеп туралы құжаттар бар. Хан Ордасы музей-қорығының қызметкерлері құжаттар негізінде кітап шығаруға деректерді толықтырып дайындауда, - деді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, зерттеуші-ғалым Бүркіт Нұрасыл өзінің "Қазақ даласындағы білім ордасы. Жәңгір мектебі" атты мақаласында "Қазақ даласындағы тұңғыш білім ордасы яғни алғашқы училище Бөкей ордасында пайда болды. Халық арасында «Жәңгір мектебі» деген атаумен белгілі болған бұл білім ордасы 1841 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің бастамасымен ашылды. Сондай-ақ, мектепті ұстап тұру шығындары мен мұғалімдердің жалақыларын хан Жәңгір өз қалтасынан төлеп отырған. Зерттеушілердің айтуынша, мектептің алғашқы ұстазы да өзі болыпты. Шәкірттерінен сынақты өзі қабылдап, барлық оқу процесін қадағалауында ұстайды. Жәңгір мектебінің  алғашқы ұзтазы деп есептелетін татар Садриддин Аминов шын мәнінде Жәңгір ханның мектеп ісі бойынша көмекшісі қызметін атқарған" деп жазғаны мәлім.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер