Талғарда мектеп оқушылары төбелесіп, бір бала ауруханаға түсті (ВИДЕО)

3213
Adyrna.kz Telegram

Талғарда мектеп оқушылары төбелесіп, бір бала ауруханаға түсті. Бұл туралы журналист Қарагөз Сімәділ өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Алматы облысының әкімдігі, Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Садуақасова,  Талғардағы мектепте жоғары сынып оқушылары төбелесіп, бір бала ауруханаға түсті дейді. Төбелес мектеп ауласындағы дәретхана маңында болған. Қазір ол дәретхананы жедел-жедел бұзып тастаған екен. Ауруханаға түскен баланың халі қалай? Төбелес болған жерді бұзғаннан мәселе шешіліп кете ме? Әлде тексеріс бола қалса ол жер оқушы баратын жер емес еді деген дәйек керек болып тұр ма?", - деп жазды журналист.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер