Еурокомиссия бүгіннен бастап ресейліктерге виза беру тәртібін қиындатты

3249
Adyrna.kz Telegram

Еуропалық комиссия бүгіннен бастап ресейліктерге виза беру тәртібін қиындатты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейліктер үшін бұл мынаны білдіреді:

- визалық алым 35 еуродан 80 еуроға дейін өседі;

- өтініштерді қарау мерзімі 15 күнді құрайды (кейбір жағдайларда бұл мерзім максимум 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін);

- растайтын құжаттардың тізімі де көбейеді;

- виза беру мерзімі 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін;

- ресейліктер үшін ұзақ мерзімді және көп мәртелік визалар әлдеқайда аз болады немесе мүлдем болмайды;

- сапар қанша күнге жоспарланса, сол уақыт аралығына ғана қатаң түрде бір реттік "виза" беріледі.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер