Түркістан облысында 35 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

2627
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында колледж бен мектеп мұғалімдері жалған дипломмен жұмыс істеген. Облыстық Білім басқармасының жұмысына тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар заңсыздықты анықтады, деп хабарлайды ”Адырна” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, басқарма тарапынан оқушылар мен студенттерді мемлекеттік тапсырыс бойынша негізсіз қабылдауға қатысты жеті дерек анықталған.

Колледждерде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде де кемшіліктерге жол берілген. Яғни, тапсырысты орындау барысында еңбек нарығындағы қажетті мамандар дұрыс таңдалмаған.

«Шетелге шығып кеткен білім алушыларға негізсіз қаржы аудару мен мұғалімдердің жалған диплом пайдалану арқылы жұмысқа орналасқан 35 фактісі анықталды. Бұл фактілер бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды»,- дейді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Дулат Әшірбеков.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер