"Президент мырза, қасыңыздағы шенеуніктерді желкелеп қуып шығыңыз!" - Марғұлан Сейсембай

2082
Adyrna.kz Telegram

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Тоқаев жолдауына қатысты өз пікірін білдіріп, одан айналасындағы шенеуніктерден тезірек құтылуын сұрады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы. 

"Тоқаевтың жолдауынан бері бірнеше күн өтті. Қоғамда әсіресе президент сайлауы мен жеті жылдық мерзімге қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Кезектен тыс президент сайлауын өткізу қажеттілігіне негізгі аргумент ретінде реформалар алдында президент мандатын жаңадан бастау немесе қайтадан растау қажеттілігі айтылады. Біріншіден, Тоқаевқа өзінің кеңесші сымақтарын тыңдамау керек еді. Тоқаевтың айналасындағы барлық шенеуніктер кеңестік инженерлер сияқты. Олар не жасаса да, түбінде бәрібір Калашников автоматы шығады. Қазір де солай, олар кезектен тыс президент сайлауы және конституцияны біржақты өзгерте салу арқылы өкілеттігін ұзартудан басқа артық ештеңе ойлап таппады. Не ексең, соны орасың деген осы. Екіншіден, дұрыс реформалар жасау үшін жаңа мандат қажет емес. Дұрыс реформа жасасаң, саған деген халықтың сенімі артып, мандатың автоматты түрде нығая түседі. Сондықтан бұл жай ғана өз өкілеттігін ұзартудың сылтауы. Ал бұл Тоқаевқа деген сенімді төмендетеді. Құрметті кеңесшілер, сіздер артық қылам деп тыртық қылдыңыздар. Президент мырза, мұндай саяси кеңесші сымақтарыңызды желкелеп қуып шығыңыз", - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер Тоқаевтан күтетін нақты әрекеттерге тоқталды.

"Қалай істеген дұрыс болар еді? 1. Тоқаев «қолшоқпар» парламент арқылы барлық қажетті заңдарды қабылдайды. «Партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Орталық сайлау комиссиясы туралы», «Тәуелсіз БАҚ туралы», «Митингтер мен шерулер туралы» және тағы басқа. 2. Содан соң, Тоқаев парламент сайлауы өтетіні жөнінде хабарлап, сайлауды келесі жылдың күзіне қояды. 3. Конституцияға сәйкес 2024 жылы өзі президент сайлауына қатысады. Егер ол дәл осылай істегенде, мен оның жеңіске жететініне 100% сенімдімін. Бірақ бірнәрсе дұрыс болмады. Қазіргі жағдай маған мүлде ұнап тұрған жоқ", - деді Марғұлан Сейсембай.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер