Алматыдағы Горький саябағында екі көлік өртеніп кетті

2737
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Горький саябағында екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 14.37-де Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 1Б үй маңындағы өрт туралы хабар түскен. «Сағат 14.44-те жеткен қызметкерлер 12 шаршы метр аумақта екі автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады, өрттің жақын маңдағы ағаштар мен басқа да көліктерге таралу қаупі бар. Өрт 14.58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады департаментте.

Автокөліктегі өрт тез таралып, 2-3 минут ішінде жылдам жанып кетеді. Осыған орай, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті автокөліктердің электр жабдықтарына қызмет көрсететін мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында жұмыс істейтін өрт сөндіргіш құралдары болуын ұсынады.

Пікірлер