«Бұл Ресей үшін атом бомбасы», - Қазақстан Президентінің Жолдауы туралы Украина Ішкі істер министрлігі басшысы кеңесшісінің пікірі

2653
Adyrna.kz Telegram
Фото: 2day.kh.ua
Фото: 2day.kh.ua

Украиналық саясаткері Геращенко Тоқаевтың Қазақстанды түбегейлі демократияландыру туралы шешімі көршілес ресейлік саясаткерлер үшін «атом бомбасы» болатынын айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президент сайлауын 2022 жылдың күзінде өткізуді ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысының халыққа жолдауында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері хабарлайды.

Тоқаев елдегі президенттік билік жүйесін айтарлықтай өзгертуді ұсынды. Қазақстан Президенті өмірінде бір рет қана қызмет атқара алады. Өкілеттік мерзімі – 7 жыл. Егер ұсыныс қабылданса, Тоқаев мерзімінен бұрын сайлау жариялап, оған баруға дайын.

Келесі президенттік сайлауы тек 2024 жылы, ал парламент сайлауы 2025 жылы өтуі тиіс. Ұсынылған бастамалар мақұлданса, жаңа президент биыл күзде сайланады, 2023 жылдың бірінші жартысында парламенттік сайлау өтеді. Қазіргі Қазақстан мемлекетінің басшысы бірден бірнеше реформалық бастама көтерді.

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланды. Әйелдер үшін зейнет жасы 63-тен 61-ге дейін төмендетілді. Қазіргі мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық қорының жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын әрбір кәмелетке толмаған азаматтың шотына есептеуді ұсынды.

Украина Ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Антон Геращенко өзінің телеграм-каналында ұсынылған саяси бастамалар мемлекетті демократияландырудың қайтымсыз процесі екенін және көршілес ресейлік саясаткерлер үшін «атом бомбасына» айналатынын атап өтті.

«Тоқаев айтқан идеялар ресейлік саясаткерлер үшін атом бомбасы болып табылады. Қазақстан Президенті путиндік Ресеймен емес, өркениетті әлеммен бірге болатынын көрсетті. Қазақстанда демократияландырудың қайтымсыз процестері басталды», - деді Геращенко.

Керімсал Жұбатқанов

Пікірлер