"А. Навальныйды қорлауды доғарыңыз!" - Жетпістен астам дәрігер Путинге ашық хат жолдады

3280
Adyrna.kz Telegram

Ресейде жетпістен астам дәрігер оппозиция өкілі Александр Навальныйдың мүшкіл хәлін айғақтап және оны қорлау мен азаптауды дереу тоқтатуын талап етіп В. Путинге хат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "meduza.io"-ға сілтеме көрсете отырып. 

Ашық хаттың толық мәтінін мәскеулік хирург Александр Ванюков Facebook-тегі өз парақшасында жариялады.

"Біз Алексей Навальныйды қорлауды және Алексейді ШИЗОҒА жіберуді тоқтатуды талап етеміз. Оған дәрігерлер тарапынан медициналық көмек ұсынуды және қажетті айғақтар болған жағдайда оны толық тексеру және емдеу үшін азаматтық ауруханаға жатқызуды талап етеміз", — делінген хатта.

Сонымен қатар, орыс хирургі елдегі саясаттың сойқанның дәрігерлерді қатты алаңдатып отырғанын айтты. Оның хабарлауынша, А. Навальнидің денсаулығына қажетті дәрі-дәрмек ішуіне шектеу қойылған. Қазір бұл оның өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Навальныйдың адвокаты Вадим Кобзев те Алексейдің асқынған ауруы туралы хабарлады. Оны қазір безгек дендеп, қатты жөтеле буа бастаған. Оның үстіне, саясаткерді бір изоляторда "тұрмыстық гигиенаны сақтамайтын, тазалыққа келгенде үлкен проблемалары бар" тұтқынмен бірге ұстаған. Сонымен қатар, оны ШИЗОДАН босатып, асқынған тұмаумен ауырып жатқандармен бірге ортақ медициналық бөлімге жатқызған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер