Германия Украинаға көмек береді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Анналена Бербок айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Украина біздің бостандығымызды да, әлемдік тәртіпті де қорғап жатыр. Біз бұл мемлекетті қажет болғанша материалдық және әскери жағынан қолдаймыз»,–деді ол.