Алматылық әйел балаларын Сайран көліне батырып өлтірмек болды

3106
Adyrna.kz Telegram

Алматылық әйел екі баласын Сайран көліне батырып өлтірмек болды. Бұл туралы шаһардағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ақмарал Басирова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ең кішісі 1,5 жаста. Балалар суға шашалып қалған. Кеше оларды куәгерлер аман алып қалды. Өтіп бара жатқандар болмаса, екеуі тірі қалмас еді. Келіншектің күйеуі — үлгілі отағасы. Күндіз-түні жұмыс істейді. Отбасы пәтер жалдап тұрады. Көршілер әйелді жамандайды. Балалардың анасы бірінші рет қастандық жасамаған көрінеді. Оны емдеу қажет»,– деп жазды ол.

Қазіргі таңда екі бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Әуезов аудандық полиция бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Пікірлер