Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
«17 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабының 1-тармағымен («рейдерлік») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген прокуратураның ҚазТАГ тілшісінің сауалына берген жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 20 маусымда белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы