Бес адамның өлімі. Тұрғын үйдегі өртке қатысты күдікті ұсталды

34
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QAfiKhmaGOjjouGjgiDWMwy9IAm2I5xPEpFg8Hzi.webp

Алматыда бес адамның қаза табуына себеп болған жеке тұрғын үйдегі өртке қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, күдікті анықталып, ұсталған.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған. Сондай-ақ оқиғаның мән-жайы зерттелген.

Полицияның мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы салдарынан жасалған қасақана өрт қою себеп болуы мүмкін.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Пікірлер