Армения мен Түркия қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесін талқылады

173
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NFeXDLQentEmm7fTXRs2cmZceXgsw9kk0PqdfcRo.jpg

Антальяда өткен COP31 климаттық саммитінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған кездесті. Бұл туралы Армения премьер-министрі кеңсесінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәліметке сәйкес, Ердоған Никол Пашинянның Антальяға сапарын және көшбасшылар саммитіне қатысуын құптаған.

Кездесу барысында тараптар Армения мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үдерісін талқылап, оны ілгерілетіп, түпкілікті нәтижеге жеткізудің маңызын атап өткен. Осы ретте бұған дейін өткізілген кездесулер мен қол жеткізілген келісімдердің, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту шараларының маңыздылығына тоқталған.

Сонымен қатар тараптар өңірдегі ахуалға қатысты пікір алмасқан. Никол Пашинян мен Режеп Тайип Ердоған Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшіліктің орнауы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін бергенін атап өткен.

Кездесуде көлік және коммуникациялық бағыттарды бұғаттан шығару мәселесі де қозғалған. Атап айтқанда, TRIPP жобасын іске асыруға бағытталған қадамдар талқыланған.

Еске салайық, бұған дейін Арменияның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ален Симонян 70 жылдық идеология Түркияны жау көрсеткенін айтқан еді.

Пікірлер