Ұлыбритания ханзадасы Қазақстанның киіктерді қорғауына ілтипат білдірді

184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SrxRGZEP49aea7HKjToDxjMSHBdlv5LaO2963ZWD.webp

Ұлыбритания ханзадасы Уильям Грэм Нортонның телешоуында Қазақстандағы киік популяциясының қалпына келтіру туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол сирек кездесетін жануарларды сақтауда мемлекет қолдауының маңызын атап өтті. 

ВВС-ге берген сұхбат 23 қазанда эфирге шыққан. Оны Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жариялады.

Бағдарлама барысында жүргізуші киіктердің ерекше келбеті мен «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы туралы сұрақ қойған. Жауап берген ханзада бір кездері жойылып кету қаупіне ұшыраған жануарлардың саны қайта көбейгенін айтты. Оның сөзінше, бұл нәтижеге Қазақстан билігінің киіктерді сақтауға ерекше көңіл бөлуінің арқасында қол жеткізілген.

«Киіктер жойылып кету қаупінің алдында тұрды, ал қазір олардың саны қайтадан орасан зор. Бұл Қазақстан үкіметінің осы түрдің ел мен табиғат үшін маңызын түсініп, жобаға толық қолдау көрсетуінің арқасында мүмкін болды», – деді ханзада Уильям.

«Алтын Дала» бастамасы Қазақстанның далалық экожүйелерін қалпына келтіруге және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. 2024 жылы жоба Earthshot Prize сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» санаты бойынша жеңімпаз атанып, жұмысты жалғастыру үшін 1 миллион фунт стерлинг көлемінде қаржы алған.

Earthshot Prize ұйымының 2025 жылғы қазанда жариялаған мәліметіне сәйкес, жобаның нәтижесінде жиырма жыл ішінде киіктердің саны шамамен 40 мыңнан 200 мыңға дейін өскен.

 

Пікірлер